· Мақала ғылыми зерттеулерге негізделген және ғылыми жаңалығы болуы қажет. Мақала атауы қысқа да нақты болуы керек.
· Зерттеу тақырыбы ғылым және білімді дамытудағы өзектілігімен ерекшеленеуі тиіс.
Мақала құрылымы:
✅ Аннотация (қазақ, орыс және ағылшын тілінде) – мазмұнын, әдістері және негізгі нәтижелерді қамтуы қажет (150-250 сөз).
✅ Тірек сөздер/Keywords (5-10) — негізгі мазмұнын көрсететін түсініктер, сөздер мен сөз тіркестері.
✅ Кіріспе (Introduction) — тақырыпқа кіріспе береді, ғылыми және практикалық маңызы негізделеді, әдебиеттерге шолу жасалады, зерттеу мақсаттары көрсетілуі қажет.
✅ Әдістер (Methods) — қолданылған әдістер (эксперименттік әдістер, статистикалық әдістер, сұрақнама, бақылау және т.б.). Әдістерді таңдаудың негізі көрсетіліп, әдістерді қолдану әдістемесі толық сипатталуы қажет.
✅ Нәтижелер (Results) — әдістер арқылы алынған деректер жүйелі көрсетіліп, кесте, график, сызба арқылы түсіндірілуі мүмкін. Зерттеу нәтижелері толық және түсінікті болуы қажет.
✅ Талқылау (Discussion) — алынған нәтижелерді әдебиет деректерімен салыстырып, теориялық және практикалық маңызы көрсетілуі қажет. Сонымен қатар әдістердің тиімділігі, кездескен қиындықтары және алынған деректердің сенімділігі талқыланады.
✅ Қорытынды (Conclusion) — негізгі нәтижелерді жинақтау, ғылыми және практикалық пайдасын айту, келешектегі жұмыстардың бағыттары көрсетілуі қажет.
✅ Әдебиеттер тізімі (References) — соңындағы әдебиеттер саны 10-нан кем болмай, ғылыми жұмыстар, әдістемелер, монографиялық әдебиеттер, Scopus және Web of Science базаларына кіретін журналдарда соңғы 5 жылда жарияланған мақалалар болуы қажет.
Рәсімдеу талаптары:
· Times New Roman, 14 кегль, жоларалық интервал – 1.
· Алаңдары әр жағынан 2 см болуы қажет.
· Мақала көлемі 6-12 бет болуы тиіс.
Тіл және жазылу әдістері:
· Мақала қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қабылданады.
· Мақалалар ғылыми стильде жазылуы қажет.
Редакциялық және сілтеме әдістері:
· Әдебиеттер тізімінде көрсетілген деректер APA стандартына сәйкес болуы қажет.
· Мәтінде сілтемелер (Richman, 2024) немесе екі автор болса (Richman & Pym, 2024), егер автор саны 2-ден көп болса (Richman et al., 2024) ретінде көрсетілуі тиіс.
Авторлар жайындағы мәлімет:
· Аты-жөні, ғылыми дәрежесі, лауазымы, мекеме атауы, ORCID, электронды поштасы көрсетілуі қажет.
Үлгі:
ОӘЖ 0000
Автордың аты-жөні (толық)
Ғылыми атағы (толық)
Мекеме атауы (толық)
https://orcid.org/0000-0000-0000-0000
E-mail: 0000
(қала, мемлекет)
МАҚАЛА АТАУЫ (БАС ӘРІПТЕРМЕН, ОРТАСЫНДА)
Аnnotation. The article examines ......
Keywords: 5-10 сөз.
Аңдатпа. Бұл мақалада .....
Тірек сөздер: 5-10 сөз.
Аннотация. В статье рассматривается...
Ключевые слова: 5-10 сөз.
Introduction. Мәтін мәтін мәтін... әдебиеттерге шолу……
Әдістер (Methods) — мәтін...
Нәтижелер (Results) — мәтін...
Талқылау (Discussion) — мәтін...
Қорытынды (Conclusion) — мәтін....
Әдебиеттер тізімі (APA format) (References):